БІР

lat: BİR /1098/

сан. 1. Есептік сан есімнің ең алғашқысы .

Бұл бөлмеде екі орыс, бір қазақ.

Үшеумізді бір ғана дерт тұр қажап.

Кемедегі адамдардың жаны бір ,

Сондықтан да, ынтымақ бар бір ғажап (3,70).

Қалды құнан, қалды ауыл, қалды мекен,

Құнанды иемденген жан кім екен?!

Ерте тұрып жылқыға барайыншы,

Кіндігінен бір тұқым қалды ма екен (2,122).

2. діни. Ешбір серігі жоқ, жалғыз .

Оны да біл: құның жоқ суға кетсең,

Күнәлі өзің, жаныңды құрбан етсең!

 Қайда жүрсең аманат бір құдайға,

Аман-есен осынау сыннан өтсең (2,115).

Солай, солай...

Аманат бір құдайға.

Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға.

Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,

Қарт тастап нелер сұмдық сырды бойға (2,178).

3. Жеке, дара

 Қазынам бар, біреуге қисам ба екен?!

Ренжиді-ау қимасам, қисам бөтен.

Әлде мына даладай бар байлықты

Бір өзім иемденіп, жисам ба екен?! (1,279).

Соқ, жүрек, солқылда, ми, Тасы, қаным!

Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім,

О, Муза!

Бір өзіңе бас ұрамын,

Тездеп жет,

Мен бір жаққа асығамын (3,134).